Жарияланған күні: 04.08.2023 18:41
Өзгертілген күні: 04.08.2023 18:43

Салық кодексінде қосылған құн салығын (ҚҚС) салу және комиссия шартына және тапсырма шартына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру тәртібі бойынша ерекше ережелер белгіленген.

Егер туроператор мен турагент арасында туристік өнімді сатуға жасалған (агенттік) шарт ҚР Азаматтық кодексінде көзделген талаптарға сәйкес келсе, онда ҚҚС салу мақсатында туроператор комитент ретінде, ал турагент комиссионер ретінде қаралады, тиісінше Салық Кодексінің 375 және 416-баптарының ережелері қолданылады.

Бұдан басқа, туроператор туристік жолдаманы (туристік өнімді) өткізу кезінде осындай туристік жолдаманың (туристік өнімнің) құны бойынша өткізу жөніндегі айналымды айқындайды. Алайда, егер туроператор көшпелі туризм бойынша туристік жолдаманы (туристік өнімді) сататын болса, онда айналым Салық Кодексінің 381-бабы 15-тармағының 2) тармақшасы бойынша айқындалады.

Турагент (комиссионер) өзінің сыйақысы (комиссиясы) мөлшерінде өткізу жөніндегі айналымды айқындайды.

Бұл ретте комиссия шарты бойынша электрондық шот-фактураны жазып беру Салық кодексінің 416-бабының ережелеріне және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген Электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот – фактураны жазып беру қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

Осылайша, туристік жолдаманы (туристік өнімді) сату кезінде электрондық шот-фактураларды жазып берудің бірнеше мысалын келтірейік:

1. Комиссия шартына сәйкес келетін шарттың талаптарында туроператордың (комитенттің) турагенттің (комиссионердің) атына турпутевканы (турпутевканы) белгіленген баға бойынша клиенттерге одан әрі өткізу үшін беруі көзделген, ал сыйақы сомасы турпутевканы (турпутовканы) жылжыту қорытындылары бойынша турагентке төленетін болады.

Бұл жағдайда электрондық шот-фактуралар келесі ерекшеліктермен жазылады:

•          туроператор (комитент) турагенттің (комиссионердің) мекенжайына – «В» бөлімінде «Өнім берушінің деректемелері»,  10-жолда «Өнім берушінің санатында» «А» комитент торкөзін, «Алушының деректемелері» бөлімінде «Алушы санаты» деген 20 жолда «Комиссионер» торкөзінде белгі қойылады;

•          турагент (комиссионер) клиенттің атына – «В» бөлімінде «Өнім берушінің деректемелері» 10-жолда «Өнім берушінің санаты» «В» торкөзінде комиссионер деген белгі қойылады және туроператор (комитент) осындай туристік жолдаманы (туристік өнімді)беру кезінде жазып берген электрондық шот-фактураға сәйкес сомалық мәндер көрсетіледі;

•          турагент (комиссионер) туроператордың (комитенттің) атына алынған сыйақы сомасына – «В» бөлімінде «Өнім берушінің деректемелері» 10-жолда «Өнім берушінің санаты» «Комиссионер» торкөзінде белгі қойылады, «Алушының деректемелері» бөлімінде «Алушы санаты» 20-жолда «А» комитент торкөзінде белгі қойылады.

2. Комиссия шартына сәйкес келетін шарттың талаптарында туроператордың (комитенттің) турагенттің (комиссионердің) атына турагент (комиссионер) айқындайтын баға бойынша клиенттерге одан әрі өткізу үшін туристік жолдаманы (туристік өнімді) беру көзделген, яғни сыйақы сомасы оны клиентке өткізу кезінде туристік жолдаманың (туристік өнімнің) құнына енгізілетін болады.

Бұл жағдайда электрондық шот-фактуралар келесі ерекшеліктермен жазылады:

•          туроператор (комитент) турагенттің (комиссионердің) мекенжайына – «В» бөлімінде «Өнім берушінің деректемелері» 10-жолда «Өнім берушінің санаты» «А» торкөзінде комитент, «Алушының деректемелері» бөлімінде «Алушы санаты» деген 20-жолда «Комиссионер» торкөзінде белгі қойылады;

•          турагент (комиссионер) клиенттің атына – «В» бөлімінде «Өнім берушінің деректемелері» 10-жолда «Өнім берушінің санаты» «В» торкөзінде турагент (комиссионер) айқындаған құн бойынша белгі қойылады. Бұл ретте клиентке жазылған шот-фактурада туристік жолдаманың (туристік өнімнің) барлық құны көрсетілгеніне қарамастан, турагенттің (комиссионердің) айналымының мөлшері сыйақы сомасы бойынша айқындалады.