Жарияланған күні: 29.04.2015 15:26
Өзгертілген күні: 01.11.2018 17:31

«Түбіртек талап ет - жүлдені ұтып ал!» науқаны жалғасуда

 

2018 жылдың 21 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті «Түбіртек талап ет - жүлдені ұтып ал!» науқанын жариялады. Оған қатысу, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алғанын фискалдық түбіртектің суретін көрсету арқылы растайтын елдің барлық тұрғындарына, соның ішінде Қарағанды қ. тұрғындарына қол жетімді болады.

Науқан «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы өткізіледі. Науқанға қатысу үшін фискалды чектарды«Wipon» мобилді қосымшанда суретке түсіріп жіберу керек. Түбіртекте: ЖСН, күн және уақыт, сома, фискалды белгісі болу керек. Ұтыс жеңімпаздары кездейсоқ түбіртекті таңдау әдісімен анықталады. Осылайша, неғұрлым көп түбіртектер жіберілсе, қатысушылардың жүлдені ұтып алу мүмкіндіктері ұлғаяды.

        

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті