Жарияланған күні: 04.04.2018 11:33
Өзгертілген күні: 04.04.2018 11:34

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қазандағы                           № 364-V Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері» 67-1-бабы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Салық кодексінің 67-1 бабына сәйкес, жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.

Салық есептілігі нысандары (871.00 нысан) және оларды жасау қағидалары Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы     25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы                     8 тамыздағы № 432 бұйрығымен бекітілген.