Жарияланған күні: 27.09.2018 12:26
Өзгертілген күні: 27.09.2018 12:37

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) келесіні хабарлайды.

Салық төлеушілерді онлайн-бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі – БКМ) қолдануға кезең-кезеңмен тарту мақсатында «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы 
№ 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығы (бұдан әрі - Бұйрық) тіркелді. Осы Бұйрық онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін 17 қызмет түріне ұлғайтады және 2018 жылдың 1 қазанынан әрекеттке енгізіледі.

Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 2-тармағымен ақшалай есеп айырысулар кезінде  БКМ қолдану міндетінен босатылған тұлғалар айқындалған.

Бүгінгі күні, қызметін:

ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады);

патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып
(2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады);     

         арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады) дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) БКМ қолданудан босатылған.

Қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады.

Бұйрық №758  16.08.2018ж

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы