Жарияланған күні: 11.04.2023 11:44
Өзгертілген күні: 12.02.2024 18:13

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

2023 жылғы 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында (2023 жылғы 12 ай) Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 1 043 590 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 1 038 653 қызмет немесе 99,5% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша көрсетілген, 4777 қызмет немесе 0,4% көрсетілген өтініштер бойынша қағаз жеткізгіште; 160 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.

Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2141 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 79 483 адам қамтылды.