Жарияланған күні: 11.01.2019 17:38
Өзгертілген күні: 11.01.2019 17:39

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша, соның ішінде ойын аппараттарының заңсыз қызметі бөлігінде тұрақты негізде шаралар қолданатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының диспозициясына сәйкес ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті ұйымдастырғаны үшін де, заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жай бергені үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұдан бұрын, Департаменттің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері бизнес-құрылымдармен бірлесіп, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру фактілеріне жол бермеу туралы үй-жайлардың меншік иелерін хабардар ету бойынша алдын алу іс-шараларын өткізді. Аталған тақырып бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен бірнеше рет іс-шаралар, сондай-ақ сауда орындары мен үй-жайлардың меншік иелеріне бір мезгілде хабарламалар беру арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді (70-тен астам хабарлама берілді).

2017-2018 жылдары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша 17 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды және сотқа жіберілді, 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, заңсыз айналымнан103 ойын автоматы алынып, одан әрі жойылды.

Ағымдағы жылы өңір аумағында ірі ұйымдастырушыларды және ойын терминалдарының меншік иелерін белгілеу жолымен ойын терминалдарының заңсыз қызметін әшкерелеу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша, 08.01.2019 жылы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қарағанды қаласының және серіктес қалалардың 19 сауда нүктелерінде ойын терминалдарының заңсыз қызметінің анықталған фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің материалдары тіркелген. Заңсыз айналымнан 38 ойын терминалы алынды, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, тергеу жүргізілуде.