Жарияланған күні: 21.02.2018 09:17
Өзгертілген күні: 21.02.2018 09:17

Бітімгершілік келісім деп – көбінесе өзара келісімдер негізінде, тараптардың белгілі бір жағдайларда сот дауын тоқтату туралы келісімі. Бітімгершілік келісім – бұл заңға қайшы келмейтін және басқалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайтын тараптардың азаматтық-құқықтық дауларды өзара қолайлы жағдайларда шешу жолдары.

Оның мәні процестің соңында дауды бейбіт реттеу, яғни тараптардың өздерінің ерік – жігерінің негізінде өзара қарым – қатынаста сенімділікке жету.

Бітімгершілік келісім – тараптардың дауды реттеудің еріксіз актісі. Ол ерікті түрде атқарылмаған жағдайда да міндетті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бітімгершілік келісім сот шешімі бойынша бірнеше артықшылықтарға ие:

  • Біріншіден, бітімгершілік келісімінің жасалуы соттың шешіміне қарағанда, даудың қатысушыларына білім беру әсерін қамтамасыз ету үшін зор мүмкіндіктер береді;
  • Екіншіден, сот процесі жиі тараптардың заңсыздығынан туындайды. Тараптарға заңнаманы түсіндіру бітімгершілік келісімді жасау үшін негіз болуы мүмкін;
  • Үшіншіден, бітімгершілік келісімдер көбінесе тараптардың түпкілікті келісуіне алғашқы қадам болады, ал сот шешімі дау тудыратын тараптар арасындағы кедергіні кеңейтеді.
  • Төртіншіден, бітімгершілік келісімдерінің қорытындысы сот пен тараптардың уақытын және ақшасын үнемдейді;
  • Бесіншіден, борышкердің қарызды өз еркімен орындау мүмкіндігі бар.

 

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңында (112-1 бап) банкроттық рәсімінің кез келген сатысында реттеу туралы шарт жасасу мүмкіндігін заң шығарушы қарастырған.

Банкроттық жағдайында бітімгершілік келісім – өзара келісімдердің шарттары бойынша жасалатын екі жақты келісім, тараптардың даулы құқықтық қатынастар бойынша жаңа құқықтары мен міндеттерін анықтайды, атап айтқанда міндеттемелердің орындалу мерзімдері, көлемі туралы ақпарат. Онда сондай – ақ айыпталушының міндетемелерін кейінге қалдыру немесе бөліп беру, толық немесе ішінара кешірім үшін немесе қарызды тану үшін жағдайлар болуы мүмкін.

Бітімгершілік келісім тараптар арасында банкроттық рәсім бойынша ымыраға қол жеткізу арқылы проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Осылайша, борышкердің төлем қабілеттілігін қалыпқа келтіру, сондай – ақ оның рөлін экономикалық субъект ретінде сақтауға болады.

 

Медет Абдрахман

Оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы