Жарияланған күні: 19.02.2019 08:57
Өзгертілген күні: 19.02.2019 08:58

Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңымен Салық кодексіне айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісін айқындау кезінде, осы көзделген түзету ескерілмей айқындалған осындай кіріс сомасының 90 пайызы мөлшерінде жұмыскердің салық салынатын кірісін түзету 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгенін хабарлайды (Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 49)-тармақшамен толықтырылды).

Осылайша, 2019 жылдан бастап, егер жұмыскердің кірісі 25 АЕК аспаса (2019 ж. – 63 125 теңге), жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзету қолданылатын болады, тиісінше егер жұмыскердің есептелген кірісі 25АЕК асқан жағдайда, жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90% мөлшерінде түзету қолданылмайды.

Жеке тұлға еңбек қызметін бірнене жұмыс берушіде жүзеге асырған жағдайда және  әрбір жағдайда жұмыскердің есептелген кірісі 25АЕК аспаса, онда жұмыскердің салық салынатын кірісі сомасынан 90 % мөлшерінде түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады.