Жарияланған күні: 11.10.2019 12:03
Өзгертілген күні: 11.10.2019 12:04

Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Ұлт жоспарының 42-қадамы — 100 нақты қадам орындалғанын хабарлайды, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының және тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау көзделген.

          "Электрондық үкімет" порталында egov.kz салық декларациясында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді автоматты түрде толтыру бойынша функционал әзірленді.

         Бұдан басқа, азаматтар декларацияларды ұсыну үшін "жалпыға бірдей декларациялау" мобильдік клиенттік қосымшасын іске асыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, сондай-ақ электрондық түрде декларацияны ұсыну кезінде пайдаланушыны авторландыру СМС-хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

         Сонымен қатар, ұйымдастырушылық және техникалық сипаттағы бірқатар шешілмеген мәселелердің, оның ішінде уәкілетті органдардың дерекқорларының өзектілігі мен халықтың қаржылық сауаттылығының төмен болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті К. К. Тоқаев мақұлдаған жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға енгізу мерзімдерін ұзарту және одан әрі кезең-кезеңмен көшу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

         Осылайша, ағымдағы жылдың 03 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 қаңтарына көшіруді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

         Бірінші кезеңде-2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияны ұсынады:

* жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;

• "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

Екінші кезеңде-2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін декларациялау.

Үшінші кезеңде — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын, жеке кәсіпкерлерді және олардың жұбайларын декларациялау.

Төртінші кезеңде-2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттарын декларациялау.