Жарияланған күні: 09.10.2019 10:19
Өзгертілген күні: 09.10.2019 10:20

Абай ауданы бойынша МКБ хабарлайды, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 490 бабына сәйкес, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Келесі тұлғалар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:

 - Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

- меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

Жоғарыда аталған тұлғалар оларда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұлғалардың меншік құқығында салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралы болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы барынша көп автокөлік құралдарының біреуіне қатысты қолданылады.

Салық төлеушi Кодекстің 492-бабына сәйкес салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.

Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

Кодекстің 494 бабына сәйкес, салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі болып табылады.

Салықтарды «Қазпочта» АҚ, екінші деңгейлі банктер және банкоматтар арқылы төлеуге болады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 тамызынан бастап eGov.kz порталында барлық салықтар мен міндетті төлемдерді ЭСҚ қол қою және авторизациялау қажеттілігінсіз бюджетке төлеуге арналған жаңа қызмет пайда болды. еGov.kz порталында төлеу үшін «Салықтар және қаржылар» - «Төлемдер» - «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөлігіне өту және «Онлайн төлеу» тетікшесін басып, қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органдарының атауы, төлем сомалары, бюджеттік сыныптама коды енгізілгеннен кейін, жүйе автоматты түрде салықтарды төлеу бөліміне өтуді ұсынады. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, төлем дерегін растайтын электрондық түбіртек ұсынылады.

Абай ауданы бойынша МКБ