Жарияланған күні: 16.08.2023 17:48
Өзгертілген күні: 16.08.2023 17:49

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы анықтаманы Е-Salyq Business мобильді қосымшасынан алуға болатынын білесіз бе?

«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы анықтаманы алу мүмкіндігін көздейтін сервисті қамтиды.

Ол үшін қосымшаны Play Market немесе App Store-дан мобильді қосымшаны жүктеп, оған тіркелгегіңіз жеткілікті.

Сіздің анықтамаңыз «Қызметтер» бөлімінде орналасады.

Осылайша, мобильді қосымша әр түрлі анықтамаларды, соның ішінде ЖК кірістері және қызметкерлердің кірістері туралы анықтамаларды талап ету орны бойынша ұсыну үшін алуды жеңілдетті.