Жарияланған күні: 03.10.2019 16:21
Өзгертілген күні: 03.10.2019 16:22

Бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялауды мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайынан, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайынан бастау

Ағымдағы жылдың 03 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

заңнамаға декларанттардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы (250.00-ші нысанды декларация) оңтайландырылды, халықтың оқуға, оның ішінде балаларды қоса алғанда, медициналық қызметке ақы төлеуге, банктік несиелері бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстарын шегерімге жатқызуға мүмкіндіктер берілді, қолма-қол ақшаның, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектердің  және декларациядағы басқа да активтердің құнын көрсету шегі ұлғайтылды.

Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленген.

Бұдан басқа, азаматтардың декларацияларды ұсынуы үшін «Жалпыға бірдей декларациялау» мобильді клиенттік қосымшасын іске асыру бойынша шаралар қабылдануда, және де, декларацияны электронды түрде ұсынған жағдайда, пайдаланушының авторизациясы СМС-хабарлама арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте жалпыға бірдей декларациялау қолданысқа енгізілгенге дейін «Салық есептілігін қабылдау» (жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация 250.00 формасы) қызметі сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейтінін, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайты.

Алдын ала толтырылған декларацияда көрсетілген мүлік туралы мәліметтердің өзектілігіне ерекше назар аудару қажет.

Қарқаралы ауданы бойынша МКБ