Жарияланған күні: 23.06.2023 20:09
Өзгертілген күні: 23.06.2023 20:11

Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау белгісі және сәйкестендіру құралдары құнының мөлшері қалай өзгереді?

Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері айқындалды. 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағыі № 629 тиісті бұйрығы 2023 жылғы 25 маусымда күшіне енеді. 

Бұрын темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін.

Қазіргі таңда билік деңгейлері арасындағы өкілетіктерді қайта бөлу шеңберінде темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзіретіне берілген. 

Осыған орай, темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының мөлшері өзгеріссіз ҚҚС-сыз 2,68 тенгені құрайды.