Жарияланған күні: 15.10.2018 09:27
Өзгертілген күні: 15.10.2018 09:28

 «Құрметті кәсіпкерлер! Қазыбек би атындағы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тауарлар мен элктронды сауданы салықтық әкімшіліктендіруне қатысты Салық кодексінің нормаларының түсіндіру мақсатында келесіні хабарлайды:

 

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

 88 баптың Салық кодексінің салық төлеушілер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға міндетті

Салық төлеушi ретінде тіркеу үшін хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады