Жарияланған күні: 04.08.2023 18:45
Өзгертілген күні: 04.08.2023 18:46

Құрметті салық төлеушілер!

            2023 жылғы 4 тамызда «Ашық үкімет» порталында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу тәртібі бойынша интернет-конференциясы өтеді.

            Сіздің осы тақырып бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндігіңіз бар.

2023 жылғы 1 сәуірден бастап ЭШФ АЖ-да ТІЖ рәсімдеу міндетті.

            ТІЖ рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ ТІЖ рәсімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

            ТІЖ электрондық нысанда рәсімделеді және өнім беруші, алушы Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ұсынады:

·        виртуалды қойманы (ВҚ) қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері және тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар бойынша (СЭҚ ТН-тоңазытқыштар, мұздатқыштар 11 коды);

·        ВҚ-ны қолданбай ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету (барлық тауарлар) бойынша.

            Осылайша, Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде ТІЖ-ды міндетті түрде ресімдеу тек 3 тауар санаты бойынша көзделген. Қалған тауарлар бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.

            ТІЖ–ды алушы кез келген көлік түрі арқылы – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, көлікті пайдаланбай-10 (он) күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу (тасымалдау) кезінде растайды не қабылдамайды.

            ТІЖ тауардың айналымын бақылау қамтамасыз етілетін тауардың тасымалдануы мен өткізілуін сүйемелдейтін құжат.

            ТІЖ растау алдында тауарды алушы ТІЖ-де көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырып тексеруі, содан кейін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін растауы тиіс.

            Растау алдында ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, мұндай ТІЖ-ды қабылдамау керек.

            ТІЖ рәсімдеу үш жолмен жүзеге асырылады:

ü  ЭШФ АЖ порталында;

ü  салық төлеушілердің есеп жүйелері арқылы;

ü  ЭШФ АЖ мобильдік қосымшасында.

            Барлық көрсетілген әдістерге қол жеткізу тегін жүргізіледі.

«Виртуалды қойма» модулін қолданбай ТІЖ рәсімдеу үшін: рәсімдеу кезінде порталда «Тауар ВҚ емес» таңдауын пайдалану қажет; есепке алу жүйелерін пайдалану кезінде «Тауар идентификаторы» бағанында «1» саны қойылады.

            Тауарларды «Виртуалды қоймаға» кірісті өшіру үшін (тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелері жоқ тауарлар бойынша) ЭШФ АЖ порталындағы параметрлерді өзгерту қажет (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау).

            Сондай ақ ЭШФ АЖ да дұрыс жұмыс істеу үшін МКК сілтемесі бойынша ЭШФ АЖ Пайдаланушы нұсқаулығын пайдалануды ұсынамыз https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1 және https://kgd.gov.kz/ru/content/videouroki-1 сілтеме бойынша бейне сабақтар көруге болады.

            Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда ЭШФ АЖ қолдау қызметіне жүгіне аласыз esfsd@kgd.minfin.gov.kz, сондай-ақ 8-7172-72-78-72 телефон нөмірі бойынша.