Жарияланған күні: 25.09.2019 18:23
Өзгертілген күні: 25.09.2019 18:24

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасы, Еуразиялық экономикалық одағының мемлекеттер-мүшелері кедендік органдарының тауарларды кеден Одағының аумағынан шығарылуы бойынша Еуразиялық экономикалық Алқасының 2018ж. 07 ақпандағы №25 бұйрығымен бекітілгенін хабарлаймыз

         №25 Бұйрықтың енгізілгеніне сәйкес, тауарлардың шынында шығарылуын растау мәліметтері кеден органдарының «АСТАНА-1» АЖ арқылы расталынады, экспортты растау модулі 2018 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылды.

Көрсетілген тәртіп бойынша тауарлар декларациясының қағаз жүзіндегі өтініштері жойылады және шығару кеден органдарында куәландырылмайды.  

         Кедендік әкімшілендіру басқармасы, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасына кеден Одағының аумағынан экспорт кедендік процедурасындағы тауарлардың шынында шығарылуын растау бойынша мәліметтерді жолдайды.

Сонымен қоса, Салық Кодексінің «Экспорттағы өндірілген тауарлар бойынша айналымы» 386 бабының 4 тармағына сәйкес, салық органдарындағы ақпараттық жүйесінде кедендік органдарының  тауарлардың шынында шығарылуын растау хабарламасы және сол құжат тауарлар экспортын растау электрондық түрдегі тауарлар декларация құжаты болып табылады. Егер, тауарлар декларациясының электрондық құжаты болған жағдайда, құжаттарды ұсыну қажет емес.

Осыған қатысты, жоғарыда көрсетілген ҚР және ЕАЭО заңнамаларын басшылыққа ала отырып, ҚҚС қайтаруға құқықсыз кедергіні болдырмау мақсатында ҚҚС қайтару мен тауарлардың шынында шығарылуының растауын бақылау бойынша Департаменттің лауазымды тұлғаларына «АСТАНА-1» АЖ «Экспортты растау» модуліне кіруге мүмкіндігі бар. 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрақтары туындаған жағдайда Қарағанды қ., Б. Хмельницкого көшесі, 14, тел. 567887 мекенжайы бойынша Кедендік әкімшілендіру басқармасына өтініш білдіруге болады.