Жарияланған күні: 15.08.2018 16:30
Өзгертілген күні: 15.08.2018 16:34

                                            Талап қоюдың ескіру мерзімдері

1. Мынадай:

1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы болатын;

2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті кері қайтарып алуға құқылы болатын;

3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі деп танылады.

Егер Қазақстан Республикасы Кодексінің «Салық және бюджетке төленетін төлемдер» жайлы 48 бабының 4,5,6 және 10  тармақтарымен өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі   бес жылды құрайды(әрі қарай салық кодексі).

Мынадай жағдайда:

1) инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта  көрсетілген салықтар бойынша осы Кодекстің 80-тарауын қолданған кезде – осындай келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл бойы;

2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған кезде – жеке тұлғаның оқу кезеңінде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл бойы салық төлеуші салықтар сомасын есептеуге, ал салық органы есептеуге және есепке жазуға құқылы.

Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл бойы – үстеме пайда салығын, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу үлесін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылады.

Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:

1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме  және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш рет пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін;

 2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме  және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда – кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тұспа-тұс келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

 

Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;

3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару  және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда – қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

48 баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бар қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

Талап қоюдың ескіру мерзімі:

1) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) 48 баптың 2 тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда – күнтізбелік бір жылға;

2) бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау  бөлігінде салық төлеуші (салық агенті)  48 баптың 2 тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі шығындарды ауыстыру бөлігінде өзгерістері және толықтырулары бар қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда – күнтізбелік үш жылға;

3) мынадай:

салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ шағым жасалатын бөлігінде – салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған;

бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;

халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасаған;

салық органының осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент  шағым жасаған жағдайларда, шағымды (өтінішті) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;

4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда – уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;

5) анықталған бұзушылықтар бөлігінде, талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;

6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар тапсырылған күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін;

7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастамашылық жасаған жағдайда, онда салық органы инвестор талқылауға бастамашылық жасаған, инвестор шағым жасаған кезден бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезеңдегі салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы – осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл бойына;

Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген  және оны салық органы қараған;
  2. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады.  Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіруінің жалпы мерзімі оның тоқтатыла тұруы ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;

3. сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей,  жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей  жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы соттың заңды күшіне енген шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша – талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.

Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы, осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.