Жарияланған күні: 25.09.2019 18:18
Өзгертілген күні: 25.09.2019 18:19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғары денгейде қалыптастыру мақсатында, Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық сеніп тапсырылған  бөлімшелерінде,  қызметкерлер арасында «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы аясында әзірленген бейнеролик көрсетілумен,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық Кодексін қатаң сақтау бойынша сабақтар өткізілді.