Жарияланған күні: 27.03.2024 09:43
Өзгертілген күні: 27.03.2024 09:44

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзінің жекелеген бөлімшелерінің кедендік және салықтық әкімшілендіру салаларындағы қызметіндегі:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 

бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді азайту мақсатында нормативтік құқықтық актілерде, мемлекеттік кірістер органдары қызметінің бизнес-процестерінде бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы 87212-565595 нөміріне хабарлауды сұраймыз.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көріну ықтималдығын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және кейіннен жоюға, Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңызға, байланысты!