Жарияланған күні: 09.10.2019 19:06
Өзгертілген күні: 09.10.2019 19:07

Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, ҚР Салық Кодексінің 213-бабына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық өтініші негізінде:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.

Салық төлеуші (салық агенті) өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:

1) қызметін тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда-салықтық өтініш табыс етеді.

Салықтық өтініш ұсынылады:

алдағы кезеңге - қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда;

қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін - қызметін қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда;

2) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейінгі салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етеді.

Салық кодексінің 48-бабына сәйкес, жалпы мерзімі салық есептілігін беруді тоқтата тұру, оны ұзарту ескеріле отырып талап қою мерзімінен аспауы керек. Ұзарту жалпы мерзімді ескере отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

Салық органы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) жүргізуге немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

Жоғарыда көрсетілген ережелер бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерге, ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушіге, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушіге, арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге (салық агентіне) таралмайды, сондай-ақ арнайы салық режимін қолданатын, тәртібі мен салықтық есептілікті ұсыну мерзімі, мүлікке, көлік құралдарына және жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы.