Жарияланған күні: 08.10.2019 10:09
Өзгертілген күні: 08.10.2019 10:11

Жаһанданудың барлық қазіргі қауіптері мен сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған «Рухани загыру» бағдарламасы әлемдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білім мәдениеті мен азаматтардың санасының ашықтығын дәріптеуге бағытталған. Бұл қасиеттер қазіргі қазақстандықтардың басты бағдарлары болуы керек.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған болатын. Сонымен қатар, бағдарламаны іске асыру барысында «Туған жер», «100 жаңа адам» және басқа да қосалқы бағдарламалар пайда болды.

Әрбір қазақстандық білім-болашақ жетістіктің ең іргелі факторы екенін түсінуі тиіс. Жастардың басымдылығы жүйесінде білім беру, соның ішінде салықтық сауаттылық бірінші нөмір болуы тиіс. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамытудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың, білім мен азаматтар санасының ашықтығын насихаттаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл қасиеттер қазіргі заманғы қазақстандықтың негізгі бағдарына айналуы тиіс.

Қазыбек би атындағы ауданы бойынша МКБ