Жарияланған күні: 03.11.2023 14:59
Өзгертілген күні: 03.11.2023 15:00

Әрекетсіз жеке кәсіпкерлерге банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жолдануда

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетсіз, яғни жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша жаңа салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесі пайда болады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша 2 127 жеке кәсіпкер әрекетсіз деп танылды, оларға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.

Әрекетсіз жеке кәсіпкер екеніңізді тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.

Осыған байланысты, Комитет жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдауда.

250.00-нысанды декларацияны ұсыну жөніндегі талап қолданысқа енуіне дейін 60 күнтізбелік күн қалғанына назар аударамыз.