Жарияланған күні: 04.09.2023 12:19
Өзгертілген күні: 04.09.2023 12:20

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 Салықтық әкімшілендіруді жақсарту мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты емес экспорттаушыларға (Салық кодексінің 429-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін) қосылған құн  салығының (ҚҚС) асып кетуін қайтару мерзімдері күнтізбелік жүз елу бес күннен жетпіс бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.

        Бұдан басқа, өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыру мақсатында, ҚҚС асып кетуін қайтару бөлігінде Салық кодексінің 434-бабына өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілеріне ҚҚС асып кетуін тұрақты және тұрақты емес өткізу шарттарына сәйкес қайтару сомасын нақтылайтын өзгерістер енгізілді.

       Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының және «Атамекен» ҰКП ұсыныстарына сәйкес ҚҚС қайтару қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

       - ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімін 155 күнтізбелік күннен 75 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

       - ҚҚС қайтару мақсаттары үшін Ұлттық банктің немесе екінші деңгейлі банктер қорытындысы негізінде шикізат экспорттаушылары мен өз өндірісінің тауарларын өндірушілер тізбелерінің атауын нақтылау және шикізат мониторингінде тұрған экспорттаушылар бойынша айырбастау шарттарын қолдану бөлігінде;

      - контрагенттері теміржол көлігі қызметтерін жүзеге асыратын экспорттаушылар үшін «Пирамида» есебін қалыптастыруды тоқтату бөлігінде жақсартатын толықтырулар енгізілді, бұзушылықтарды ескермейтін қосымша негіздер енгізілді (ҚҚС сомасы 10 АЕК-тен аспайтын, «Пирамида» бойынша, ТНҚ мен ЭШФ арасындағы алшақтықтар 10 АЕК-тен аспайтын, кейінге қалдыру, бөліп-бөліп төлеуді қолдану кезінде ҚҚС төлеу бойынша, тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар кезінде, экспедитор мен комиссионерде расталмаған бұзушылықтар болған кезде, жеткізушілер тауарларды жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды жойған кезде);

     - алшақтық түрлерін нақтылау бөлігінде, ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы бойынша ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған істерді "Пирамида" есебі бойынша алшақтықтар есепке алынбайтын тармақтар тізбесіне енгізу;

     - халықаралық ұшуларды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жағар-жанар майды өткізетін субъектілерді Салық кодексінің 152-бабының
12-тармағына сәйкес келтіру мақсатында «Пирамида» есебін бұзушылықтар есепке алынбайтын тікелей жеткізушілер санатынан алып тастау бөлігінде;

      - салық кодексінің 434-бабына сәйкес қайтарудың оңайтылған тәртібін қолдану үшін салық төлеушіге критерийді өз бетінше таңдау құқығын беру бөлігінде.

       Бүгінгі таңда Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығымен, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қауымдастығымен бірлесіп, салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша қосымша мәселелер талқыланды.

     Нәтижелері бойынша бизнес-қауымдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, бизнеске бірқатар жетілдіретін түзетулер дайындалды, оның ішінде циклдік бұзушылықтар анықталған жағдайда расталуға жататын ҚҚС асып кету сомасын анықтау, мерзімдерді қысқарту және «Пирамида» есебін жасау шарттары бар.