Жарияланған күні: 12.06.2023 11:33
Өзгертілген күні: 12.06.2023 11:36

Платформалық жұмыспен қамту және электронды сауда алаңдары бойынша пилоттық жобалар іске қосылуда

Салық салудың сервистік моделі шеңберінде жүргізілетін жұмыс туралы.

Қазір 2 пилоттық жоба дайындалды, бұл:

1) платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба, ол қазірдің өзінде іске асырылуда;

2) және электрондық сауда бойынша жоба, 1 шілдеден бастап жоспарлануда.

Платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске асырылуда, салық органдарының, Еңбек және Цифрлық даму министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің және «Яндекс» интернет-платформасының интеграциялық жұмыстары жүргізілуде, олармен бүгінгі күні келісімге қол қойылды.

Бұл өте үлкен жұмыс.

Негізінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мысалы, такси қызметін көрсету кезінде такси жүргізушісі міндетті түрде кәсіпкер болуы немесе таксопарк штатында болуы керек.

Әрине, егер төлем сомаларын салыстырсаңыз, дара кәсіпкер ретінде тіркелу тиімдірек болады. Бүгінгі күні такси жүргізушілерінің көпшілігі заң алаңынан тыс. Осы қызмет түрі бойынша барлығы елімізде 16 811 дара кәсіпкер тіркелген.

Басқалар дара кәсіпкер де емес, таксопарктердің қызметкерлері де емес, тиісінше әлеуметтік жағынан қорғалмаған.

Біз азаматтарымыздың парасаттылығына сенеміз және көп жағдайда қаржылық сауатсыздық пен кәсіпкерлікті тіркеумен байланысудан қорқу салық міндеттемелерін орындауға кедергі келтіреді деп санаймыз.

Сондықтан пилоттық жоба шеңберінде дара кәсіпкерлікті  қарапайым және түсінікті интерфейсте тіркеуден тікелей серіктестік интернет-платформаға өтуге болады. Кейіннен кәсіпкер дербес есеп айырысудан және салық төлеуден босатылады. Мұның бәрін ол үшін интернет-платформа жасайды.

Осылайша, артық әкімшілік кедергілерсіз азамат салық міндеттемелерін орындайды, әлеуметтік кепілдіктер мен медициналық көмекке қол жеткізеді.

Жаңа Салық кодексі шеңберінде тек интернет-платформаларда жұмыс істеген кезде дара кәсіпкерлікті тіркеуді алып тастау мәселесі қаралады, азамат жай ғана тәуелсіз қызметкер болады, ол үшін барлық міндеттемелерді платформа орындайды.

Интернет-сауда бөлігіндегі пилоттық жобаны 1 шілдеден бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жоба шеңберінде сауда-интернет алаңдары сату туралы деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне, ал Комитет өз кезегінде барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, деректерді кәсіпкерлерге қызмет көрсететін әріптес-банктерге береді.

Алынған деректер негізінде банк ай сайын салық сомасын есептейді және клиентке төлеу үшін пуш-хабарлама жібереді. Ал салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық декларациясын толтырады.

Бұл, біріншіден, кезең ішінде салық сомасын бөліп төлеуге мүмкіндік береді, екіншіден, салық есептілігін тапсыруды жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларды интернет-алаңдар арқылы сатады.

Барлық пилоттық жобаларға қатысу тек ерікті болып табылады.