Жарияланған күні: 30.09.2019 13:33
Өзгертілген күні: 30.09.2019 13:35

Фискалдық деректер мемлекеттегі қолма-қол ақша қаражатының айналымы жөніндегі мәліметтердің негізгі көзі және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

БКМ онлайн қолданудың артықшылықтары неде:

бірінші кезекте кәсіпкер өз бизнесін, соның ішінде басқа қалаларда үйден шықпай-ақ бақылай алады;

жеке кабинет арқылы БКМ-мен жұмыс істеу бойынша толық ақпаратты бірінші чектен және бірінші Z-есептен бастап меңгеруге болады;

БКМ үшін соманы онлайн қайтарған жағдайда, акт жасау үшін салық органдарына жүгінудің қажеті жоқ, өйткені ақпарат автоматты түрде серверге беріледі;

БКМ әдеттегі нұсқадан өзгеше онлайн пломбаланбайды.

01.01.2019 жылдан бастап ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалар БКМ онлайн қолдануға міндетті болады.

БКМ жаңа тәртіпке өту рәсімін өту үшін:

техникалық қызмет көрсету орталығынан ФПД БКМ сатып алу;

фискалдық деректер операторының ВЕБ-ресурсынан (ҚПО) - www.oofd.kz ҚПО-мен жасалған шартқа жүктеу, басып шығару, қол қою және мөрмен растау;

қызметті жүзеге асыру орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында БКМ тіркеу картасын алу және өтінім беру;

БКМ тіркелгеннен кейін порталда БКМ ID және белгіні алу және авторландыру қажет.

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 284-бабының 1-бөлігіне сәйкес БКМ тіркеу есебіне онлайн түрде уақтылы қоймағаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза көзделген. ҚР ӘҚБтК 284-бабының 2-бөлігінде аталған баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) айыппұл салуға әкеп соғады.

Балқаш қаласы бойынша МКБ