Жарияланған күні: 01.10.2019 13:54
Өзгертілген күні: 01.10.2019 13:55

Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Атамекен» ҰКП және ТҚО өкілімен бірлесіп, патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлермен онлайн-мәліметтер бере отырып,бақылау-касса машиналарын қолдануға көшу бойынша семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар,салық басқармасының басшысы М. М. Сатыбалдин 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент негізінде арнайы салық режимін қолдануды, қандай қызмет түрлері бойынша сақталатынын, ал қалған қызмет түрлері бойынша салық төлеушілер  басқа салық салу режиміне көшу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беруге міндетті екендігін хабарлады.