Жарияланған күні: 28.08.2023 17:16
Өзгертілген күні: 28.08.2023 17:17

Неліктен облыс тұрғындарына банкроттықтан бас тартады?

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 наурызынан бастап «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысы бойынша соттан тыс банкроттыққа 2534 өтініш берілді, олар бойынша 578 өтініш мақұлданды, 1878 өтініш бойынша бас тартылды, 78 өтініш қарауда.

Статистика көрсетіп отырғандай, бас тартулардың ең көп саны қатарынан 12 күнтізбелік ай ішінде төлем қабілетсіздігінің болмауына байланысты, яғни қарызды ішінара өтеу, оның ішінде жеке сот орындаушыларының берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдануына байланысты, сондай-ақ жылжымайтын мүлік және көлік түрінде тіркелген мүліктің ол нақты болмаған кезде болуы, яғни тиісті мемлекеттік органдар базасында уақтылы түзету жүргізілмегендігі себебінен болып отыр.

Бұл ретте, деректерді соттан тыс банкроттықтың кіріс параметрлеріне сәйкестігін тексеру мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларын салыстыру арқылы TAZALAU жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Департамент соттан тыс банкроттыққа өтініш бергісі келетін азаматтарға несие тарихын алдын-ала тексеріп, тіркелген мүліктің болуы немесе болмауы туралы кадастрлық анықтаманы сұрап, содан кейін ғана соттан тыс банкроттықты қолдануға өтініш беруді ұсынады, өйткені қайта өтініш беруге 3 айдан кейін ғана болады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары соттан тыс банкроттық бойынша көрсетілетін қызметті беруші болып табылатынына, сондықтан өтініш беру жөніндегі қызмет тегін болып табылатынына назар аударған жөн, ол үшін ХҚКО-ларға немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жеткілікті.

Сұрақтар болған жағдайда 1414/3 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.