Жарияланған күні: 12.10.2023 09:03
Өзгертілген күні: 12.10.2023 09:13

МКК салықтық хабарламалардың SPAM-таратылуы туралы ескертті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің электрондық поштасына камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жаппай таратудың жиілеп кеткен жағдайларына қатысты келесіні хабарлайды.

Салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдермен жіберілуі мүмкін:

1) пошта арқылы пошта ұйымы арқылы тапсырыс хатпен;

2) веб-қосымшаға және (немесе) арнайы мобильді қосымшаға электрондық тәсілмен;

3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Хабарламаларды жіберудің басқа жолдары қарастырылмаған.

Осыған байланысты, осындай ақпараттарды алған кезде сақ болуды сұраймыз.

Құрметті салық төлеушілер! Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жүгінуді сұраймыз!