Жарияланған күні: 04.10.2019 09:51
Өзгертілген күні: 04.10.2019 09:52

Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Чекті талап ет - жүлдені ұтып ал!" акциясын өткізуді жалғастыруда."азаматтық белсенділікті арттыруға, тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған "Wipon" мобильдік қосымшасы арқылы.

Акцияға онлайн-БКМ фискалдық чегінің деректерін ұсыну арқылы тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін балансқа қаражат ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлде - автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.

Акцияға қатысу үшін БКМ онлайн чектерін қабылдау ағымдағы жылдың 21 тамыздан  30 қараша аралығында жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ БКМ фискалдық чегі берілмеген жағдайда азаматтар осы бұзушылықтарға тіркелген бейнематериалдармен шағым жібере алады.