Жарияланған күні: 04.07.2023 17:55
Өзгертілген күні: 04.07.2023 17:56

Маркетплейстерде сауда жасайтын кәсіпкерлер үшін ыңғайлы жоба

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жобаны бастады.

Пилоттық жобаға электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын және оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады.

Пилоттық жобаға ерікті қатысудың артықшылықтары:

- кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;

- салықтық тексерулердің азаюы;

- ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме;

- қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем

Жеке кәсіпкер пилоттық жобаға қатысу үшін өздері жұмыс істейтін маркетплейсте өтініш беру керек.

Пилоттық жобасы туралы ақпаратты 1414/3 нөмірі арқылы ала аласыз.