Жарияланған күні: 16.07.2018 15:38
Өзгертілген күні: 16.07.2018 15:40

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 688-бабына сәйкес төмендегі ақпаратты назарынызға жеткізеді:

             1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі. Яғни 2018 жылдың 1 жартыжылдығына оңайлатылған декларацияны тапсыру мерзімі - 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 15 тамыз аралығында..

             2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.  Сондықтан 2018 жылдың 1 жартыжылдығына оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу мерзімі-  2018 жылдың 25 тамызына  дейін.

              Салық есептіліктерін тапсыруды кешіктірмей және салықты уақытылы төлеуді ұмытпаңыздар!