Жарияланған күні: 27.05.2019 12:30
Өзгертілген күні: 27.05.2019 12:33

Кредитор – бұл борышкерге мүліктік талаптары бар тұлға. Мұндай талаптар азаматтық – құқықтық (келісімшарттар мен басқа да мәмілелер) және басқа да міндеттемелерден (сот шешімі негізінде, мемлекеттік орган актісі және т.б.).  

Кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басты роль беріледі. Осы мақсатта рәсімдер шеңберінде арнайы органдар құрылады: кредиторлардың отырысы және кредиторлар комитеттері.

Кредиторлардың жиналысы банкроттық рәсімдерде барлық кредиторлардың мүдделеріне өкілдік ететін орган болып табылады. Банкроттық рәсімдерде кредиторлар жиналысында кредиторлар қатысуға құқылы, жиналысының тиісті күніне кредиторлардың талаптар тізіліміне енгізілген, бұл дегеніміз, бірінші кеңес тек қана тіркелімді құрғаннан кейін ғана шақырылады.

Банкроттық рәсімінде барлық елеулі мәселелердің шешімі кредиторларға берілді. Кредиторлардың жиналысы кандидатты таңдайды және банкроттық басқарушыға негізгі сома мен қосымша сыйақы төлемдерін анықтайды, мүлікті инвентаризациялау туралы есепті бекітеді, мүлікті сату жоспарын бекітеді, қалпына келтірілмейтін дебиторлық берешек сомасын бекітеді.

Сондай – ақ, кредиторлар жиналысы тиісті кредиторға кепілдік мүлкін бағалауға және аударуға, барлық мүлікті бағалауға, электрондық аукционға тікелей сатуға немесе беруге, кредиторлармен есеп айырысуға көшуге және басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Кредиторлардың жиналысы банкроттық рәсімінде оңалту рәсіміне көшу және оңалту жоспарын бекіту туралы келісімді жасау туралы шешім қабылдауға құқылы. Кредиторлар жиналысы рәсімнің ұзартылуын қарайды, қорытынды есепті мақұлдайды.

Кредиторлардың бірінші отырысында кредиторлар комитетінің құрамы мен мөлшері туралы шешім қабылдануы тиіс. Кредиторлар комитеті кредиторлардың мүддесін банкроттық рәсімдеу үшін арнайы құрылған орган болып табылады. Кредиторлар комитеті банкроттық рәсімінің заңдылығы мен дұрыстығын, сондай – ақ әкімшінің әрекеттерін бақылауға құқылы.

Кредиторлар комитетінің құзыретіне банкроттық шеңберінде іс – шаралар жоспарын бекіту, әкімшілік шығындарды бағалау, жаңадан ашылған немесе қайтарылған мүлікті бағалау жүргізу, банкроттық басқарушымен сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізімін анықтау, берешектер мен кредиторлар арасындағы талаптарды өзара есепке алу туралы келісімдерді бекіту туралы мәселелер кіреді. Бұдан басқа, кредиторлар комитеті өз қызметі барысында рәсімді іске асыруға бағытталған бірқатар басқа операциялық мәселелерді шешеді.

Кредиторлар комитетін құру банкроттық рәсімінде міндетті болып табылады. Кредиторлар комитетінде кредиторлардың талаптарының тізіліміне сәйкес борышкерге қол жетімді біртекті кредиторлардың әрбір тобын ұсынуы тиіс және кредиторлар комитетінің қатысушыларының жалпы саны үштен кем болмауы керек. Егер осы шарттарды орындау мүмкін болмаса, кредиторлар комитеті құрылмайды және оның өкілеттіктері кредиторлар жиналысына тағайындалады.

Әрбір кредитор банкроттық басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы туралы ағымдағы мәліметтерді сұратуға, сондай – ақ борышкердің құқықтары мен борышкердің құқықтарын бұзған жағдайда соттың кез келген әрекеттеріне немесе шешіміне шағымдануға құқылы.

Мұндай өкілеттіктердің кең ауқымы борышкердің төлем қабілетсіздігіне байланысты мүліктік мүдделеріне нұсқан келтірген кредиторларға бар борышты барынша мүмкін дәрежеде өтеу үшін барлық процестерді бақылауға мүмкіндік береді.