Жарияланған күні: 19.03.2024 16:36
Өзгертілген күні: 19.03.2024 16:41

Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі бизнес шығындарын қысқарту және ҚҚС қайтару рәсімін оңайлату мақсатында ҚҚС қайтару қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізді («Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 137 бұйрығы).

Әзірлеу барысында Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп талқыланған бизнес-қоғамдастықтың ескертулері мен ұсыныстары ескерілді, атап айтқанда:

- салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелдері нақтыланды;

- қайтаруға ҚҚС сомасын айқындау кезінде тауарларды өнім берушілер- өндірушілер және басқа да өнім берушілер санаты жіберген бұзушылықтар есепке алынбайды.

Енгізілген өзгерістер отандық тауар өндішушілерге ҚҚС қайтару рәсімін оңайлатады және даулы жағдайларды қысқартады.

Құжатты сілтеме бойынша көруге болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/194277/kaz

Жаңа ережелер ағымдағы жылдың 26 наурызында қолданысқа енеді.