Жарияланған күні: 09.10.2019 18:12
Өзгертілген күні: 09.10.2019 18:13

Кеден органы лауазымды адамының кедендік декларацияны толтыруы –

Қазақстан Республикасы Кодексінің 191-бабына сәйкес 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы», кеден органы лауазымды адамының транзиттік декларацияны, жолаушыларға арналған кедендік декларацияны, көлік құралына арналған кедендік декларацияны, сондай-ақ тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде тауарларға арналған кедендік декларацияны толтыруына жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №175 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияны толтыру ережелеріне» сәйкес, мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы
(бұдан әрі – уәкілітті лауазымды адам) тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны, жолаушылар кедендік декларациясын немесе көлік құралына арналған кедендік декларацияны толтыруды декларанттың немесе декларанттың атынан немесе тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлғаның (бұдан әрі – декларант) жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырады.

Өтінішті мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып беруге жол беріледі.

Декларант өтінішті декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдары нақты ұсынылатын мемлекеттік кірістер органына береді. Өтінішті декларант тегін, аты-жөнін және берген күнін көрсете отырып, еркін нысанда толтырады, өзінің қолын қойып куәландырады.

Транзиттік декларацияны, көлік құралына арналған кедендік декларацияны, экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған тауарларға арналған декларацияны толтыру мерзімі құжаттар мен мәліметтерді ұсынған сәттен бастап төрт сағаттан аспауы керек. Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру мерзімі құжаттарды ұсынған сәттен бастап бір сағаттан аспауы керек.

Бұл норманың артықшылығы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін уақыт пен қаржылық шығындарды азайту болып табылады.