Жарияланған күні: 26.04.2024 16:55
Өзгертілген күні: 26.04.2024 17:01

Егер сіз алғаш рет өзіңіздің шағын бизнесіңізді ашуға шешім қабылдасаңыз, онда біз дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелу рәсімі туралы айтып береміз.
 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ДК ретінде тіркелуді жеңілдетті, бұл тәртіп өтініш беру рәсімінен хабарлама беру рәсіміне ауыстырылды.
      Жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы мемлекеттік кірістер органын аталған тәсілдердің бірімен электрондық түрде (онлайн) хабардар ету жеткілікті:
      1) еlicense.kz "электрондық лицензиялау" порталы;
      2) екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары;
      3) «E-salyq Business» мобильді қосымшасы.
      Хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екендігінің дәлелі болып табылады, бұл қызмет тегін көрсетіледі.
      Маңызды! ДК тіркеу барысында сіздің болашақ кәсіпкерлігіңіздің реквизиттері мен параметрлерін – мекен-жайын, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) көрсетіп, салық режимдерінің бірін таңдау қажет.
     ДК ретінде тіркелу үшін хабарлама жіберудің әрбір тәсіліне тоқталайық.
     еlicense.kz порталында дара кәсіпкерді тіркеу
      Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу үшін elicense.kz порталында тіркелуден өту қажет.
     elicense.kz порталында тіркелгеннен кейін, «Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы хабарлама» қызметінің парақшасына өту қажет.
       Аталған сілтеме elicense.kz порталындағы басты беттің оң бөлігінде танымал қызметтер тізімінде, сондай-ақ eGov.kz порталында «Бизнеске → Бизнесті тіркеу және дамыту → Бизнесті тіркеу және жою» бөлімінде орналасқан.
      Қызметтің парақшасында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басып, лицензиарды, яғни ДК ретінде сіз тіркеу есебінде тұратын мемлекеттік    кірістер органдарын  таңдау ұсынылады.
       Одан кейін, мемлекеттік кірістер органдарын таңдағаннан кейін, ашылған парақшада өтініш жолағын толтыру қажет. Егер сіз ЭЦҚ көмегімен тіркеліп кірген болсаңыз, онда жолдардың басым бөлігі автоматты түрде толтырылатын болады.
       Осы парақшаның соңғы бөлігінде «Мемлекеттік кірістер органдарынан растауды сұрату» тармағы бар, онда «Жіберу» батырмасын басып, ДК ретінде тіркелу мүмкіндігінің мақұлданғаны туралы хабарламаны күту қажет. 
      «Одан әрі» батырмасын басқаннан кейін, сіздің болашақ кәсіпорныңыздың реквизиттері мен параметрлерін – мекен-жайын, атауын, қызмет түрін (ЭҚЖЖ) көрсетуі қажет жолақтар ашылады және сонымен қатар осы парақшада төменде көрсетілген салық режимдерінің бірін таңдап, көрсету қажет:
      - патент негізінде арнайы салық режимі;
      - оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі;
      - белгіленген шегерімді пайдалана отырып қолданатын арнайы салық режимі;
     - арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданатын арнайы салық режимі;
     - бөлшек салықтың арнайы салық режимі;
     - шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі;
     - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимі.
       Қалыптастырылған сауалға ЭЦҚ-мен қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді есепке қою жүзеге асырылады.
       Дара кәсіпкерді банктің мобильді қосымшасынде тіркеу
       Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін мобильді қосымшаны жүктеп, тіркеуден өту қажет.
       Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасына кіру қажет.
       Қосымшада қызмет бөліміне өтіп, «ДК тіркеу» жолын таңдап, оны толтыру қажет.
      Әрі қарай, деректемелерді толтырғаннан кейін өңдеуге жіберіңіз.
       Қалыптастырылған сауалға қосымшада ЭЦҚ арқылы қол қойылады, содан кейін
 1 жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді есепке қою жүзеге асырылады.
       Дара кәсіпкерді «E-salyq Business» мобильді қосымшасында тіркеу
       Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін мобильді қосымшаны жүктеп, тіркеуден өту қажет.
       Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін «E-salyq Business» мобильді қосымшасына кіру қажет.
       Қосымшада профиль бөліміне өтіп, «ДК тіркеу» жолын таңдап, оны толтыру қажет.
      Әрі қарай деректемелерді толтырғаннан кейін өңдеуге жіберіңіз.
      Қалыптастырылған сауалға қосымшада ЭЦҚ арқылы қол қойылады, содан кейін
      1 жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді есепке қою жүзеге асырылады.