Жарияланған күні: 02.10.2019 20:29
Өзгертілген күні: 02.10.2019 20:31

03.09.2019 ж. жалпыға бірдей декларацияны 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 01 қаңтарына дейін сатылай енгізуді қарастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (№262-VI ЗРК) қабылданды.

Бірінші сатыда – 2021 жылдың 01 қаңтарынан  жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:

Жауапты мемлекеттік лауазым тұғалар, және олардың жұбайлары;

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;

Екінші сатыда – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін және олардың жұбайлары, сонымен қатар квазимемлекеттік секторының және олардың жұбайлары үшін декларациялау;

Үшінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар және заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайлары үшін декларациялау;

Төртінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған категорияларын декларациялау.