Жарияланған күні: 15.07.2019 16:04
Өзгертілген күні: 15.07.2019 16:10

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы, 2019 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойылғанын хабарлайды.

417-бапта:2-тармақ мынадай редакцияда жазылды:

«2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді.

Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді.

Бұл ретте тексерілетін тұлғаға осы хабарламаның шеңберінде осы баптың 5-тармағына сәйкес құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жіберуге құқылы.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, кеден органының басшысы немесе кеден органы басшысының орынбасары қол қойған хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады.

Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі алты айдан аспауға тиіс.»;3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылды:

«3. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін:»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылды:

«Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, кеден органы бұрын камералдық кедендік тексеру жүргізген тауарларға нақ сол кеден органының қайтадан камералдық кедендік тексеру жүргізуіне жол берілмейді.

Осы Кодекстің 202-бабында көзделген шартты түрде шығарылған тауарларға, өздеріне қатысты 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында көзделген пайдаланылуы және билік етілуі бойынша шектеулер бар тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексеру нысанасы алдыңғы камералдық кедендік тексерулерде қамтылмаған жағдайларда қайтадан камералдық кедендік тексеруге жол беріледі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылды:

«5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсыну жөнінде талап жібереді.

Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі талап табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, кеден органы құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді сұрау салуы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды:

«6. Камералдық кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлға кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап ету бойынша ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі».

    

 Камералдық кедендік тексерулер бөлімі

бөлімінің басшысы

Скрипникова Ирина Ивановна