Жарияланған күні: 25.09.2023 18:06
Өзгертілген күні: 25.09.2023 18:12

Қыркүйектің 10 күнінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдарына салынатын салық бойынша 20 млн.теңгеге жуық сомаға берешекті өндіріп алды.

Борышкерлердің автокөліктері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен анықталады, олар көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полиция нарядының планшетіне арнайы хабарламалар жібереді. Бұл - көлік салығы бойынша қарыздары бар жүргізушіні тез анықтауға және оған шаралар қолдануға, соның ішінде автокөлікті айыппұл тұрағына қоюға мүмкіндік береді.

Қарағанды қаласының автожолдары бойынша жүргізілген бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде бірнеше жыл бойы берешегі бар 67 көлік құралы тоқтатылды, оның ішінде 27 көлік құралы жеке сот орындаушыларымен айыппұл тұрақтарына әкетілді.

Көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық берешегін өндіріп алу мақсатында бірлескен іс-шараларды өткізу туралы БАҚ-та бұрын хабарланған, алайда борышкерлер қарыздарын өтеуге асықпайды.

Ағымдағы күнге Қарағанды облысының тұрғындарының көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі 17 416 тұлға бойынша шамамен 915 млн. теңгені құрады.

Салық берешегінің бар-жоғын E-Salyq Azamat мобильді қосымшасының, www.kgd.gov.kz порталының көмегімен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында өзіңіз тексере аласыз.

Департамент азаматтарды шетелге демалысқа шығу кезінде, сондай-ақ қала мен облыс жолдарында жүріп-тұру кезінде әуежайлардағы жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін көлік салығын уақтылы төлеуге шақырады.