Жарияланған күні: 28.08.2023 17:09
Өзгертілген күні: 28.08.2023 17:11

Қарағанды әуежайында жабдыққа қосалқы бөлшектер декларацияланбағаны үшін тәркіленді

2023 жылғы 20 тамызда «Әуежай-Қарағанды» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ «Қарағанды» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды қаласының «Сары-Арқа» халықаралық әуежайында Түрік Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Антальядан әуе рейсімен келген және жасыл дәліз арқылы кедендік шекарадан өткен жолаушының қол жүгі мен багажын Кедендік бақылау барысында тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер) анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 551 - бабының 1- бөлігі тауарларды декларацияламау немесе кедендік декларацияламау бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама 30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен жасалды. Алынған тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды, кедендік декларациялауды және тиесілі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүзеге асыру мақсатында тауарлардың кедендік құнын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Департаментте Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің бірыңғай тәртібі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» № 107 шешімімен бекітілген) қолданылатынын еске салды. Шешімде жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және/немесе сандық нормалары бекітілген.