Жарияланған күні: 06.09.2023 18:02
Өзгертілген күні: 06.09.2023 18:03

Қарағанды әуежайында кезекті рет декларацияланбаған тауарлар тәркіленді

Қарағанды әуежайында декларацияланбаған тауарлар ұсталды 2023 жылғы 2 қыркүйекте «Әуежай-Қарағанды» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ «Қарағанды» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды қаласының «Сары-Арқа» халықаралық әуежайында Түркия Республикасының 7 азаматының декларацияланбаған тауарларды әкелу фактісінің жолын кесті.

Антальядан авиарейспен келген және жасыл дәліз арқылы кедендік шекараны кесіп өткен жолаушылардың қол жүгі мен багажын кедендік бақылау барысында құрылысқа арналған тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясы анықталды.

Жеке пайдалануға арналмаған тауарлар ұсталған тауарлар «Karagandy Technical Center» ЖШС уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Бүгінгі күнде тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мақсатында кедендік құнды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай - ақ, Түркия Республикасының 7 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 551-бабының 1-бөлігі бойынша-30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен тауарларды декларацияламау немесе дұрыс емес кедендік декларациялау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Департамент 20 тамызда Түркия Республикасының азаматы декларацияланбаған тауарларды әкелу фактісінің жолын кескенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің бірыңғай тәртібі қолданылады (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» № 107 шешімімен бекітілген), олар жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және/немесе сандық нормаларын бекітеді.