Жарияланған күні: 11.07.2023 11:42
Өзгертілген күні: 11.07.2023 11:44

Қарағанды облысында бөлшек салық ставкалары 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілді

         Қарағанды облысы аудандық және қалалық мәслихаттарының шешімдерімен ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салық ставкасы 2% мөлшерінде енгізу қабылданды.

Мұндай шешім қабылдау ҚҚС бойынша есепке қою шегі бойынша (ағымдағы жылы 20 000 АЕК-бұл 69 млн.теңге), шағын бизнес кәсіпкерлерінде және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін көп қолданатын үй жанындағы дүкендерде проблемалардың болуымен байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, бөлшек салық ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі артықшылықтармен ретроспективті түрде енгізілді:

күнтізбелік жылдағы табыс - 600 000 АЕК (2 070 млн.теңге), 

қызметкерлер саны - 200 адам,

Салық ставкалары - түпкілікті сату кезінде 4% және тауарларды одан әрі сату үшін 8%.

Салық кодексінің нормаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар салық ставкасының мөлшерін 50% - ға дейін төмендетуге құқылы.

Осылайша, 13 аудандық және қалалық мәслихаттар ставкаларды 4%-дан 2% - ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.