Жарияланған күні: 14.07.2023 12:32
Өзгертілген күні: 14.07.2023 12:35

Қарағанды облысында 1 жылға ЖШС басшысы қасақана банкроттық жасағаны үшін сотталды

1 жылға ЖШС басшысы банкроттық рәсімінде мүлікті жасырғаны үшін сотталды.

Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша 2020 жылғы қарашада «А» ЖШС 114 миллион теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылды.

Әдейі банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне (дәрменсіздігіне) әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес департамент ЖШС қызметіне талдау жүргізді, оның нәтижелері бойынша «А» ЖШС-не қасақана банкроттықтың бар белгілері туралы қорытынды жасалды.

«А» ЖШС құқыққа қайшы әрекеттер жасап, мүлікті жасыру арқылы 71 миллион теңгеден астам сомаға ЖШС балансында тұрған тауарлық-материалдық қорларды есептен шығаруды жүзеге асырды.

Осы факті бойынша «А» ЖШС басшысы мен жалғыз құрылтайшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен «А» ЖШС лауазымды тұлғасы ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда 1 жыл мерзімге ұйымдық-өкімдік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкімі шығарылды.