Жарияланған күні: 03.08.2023 11:54
Өзгертілген күні: 03.08.2023 11:56

2023 жылғы 28 шілдеде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Қарағанды облысы бойынша ЭТД және Қарағанды облысы ПД ҰҚҚКБ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы бойынша кезекті қызметтің жолын кесті. 

Осылайша, Қарағанды облысының Абай қаласындағы қойма үй-жайлары мен дүкенінің бірін тексеру барысында электрондық темекі, вейп-құрылғылар және оларға сұйықтық түріндегі 11,5 мыңнан астам заңсыз темекі бұйымдары анықталды. Заңсыз өнім көтерме және бөлшек саудада сатылды, жеткізу облыс шегінде де, Қазақстанның басқа өңірлеріне де жүзеге асырылды.

         Алынған өнімнің нарықтық құны шамамен 38 млн. теңгені құрайды.

         Қатысушы азаматтарға қатысты әкімшілік іс қозғалды, алып қойылған тауарды тәркілеуге және одан әрі жойылуы болжанады.

         Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.