Жарияланған күні: 17.07.2023 15:44
Өзгертілген күні: 17.07.2023 15:46

Қарағанды облысы бойынша МКД-да бөлшек салық АСР және электронды сауда бойынша семинар өткізілді

2023 жылғы 14 шілдесінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қарағанды қаласының кәсіпкерлерімен және бухгалтерлерімен семинар өткізілді.

Семинар аясында Департамент мамандары бөлшек салықтың арнаулы салық режимі және оның мөлшерлемелерін төмендету, сондай-ақ электрондық сауда алаңдарында электрондық сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген пилоттық жоба бойынша түсініктемелер берді.

Семинар соңында мамандар кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, мұндай кездесулер азаматтар мен кәсіпкерлердің хабардарлығын арттыруға бағытталған.