Жарияланған күні: 14.11.2018 18:19
Өзгертілген күні: 14.11.2018 18:20

Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2018 жылға көлік құралдары бойынша салықтарын 2018 жылдың 31-желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz/ru/calc/transports сайтында орналасқан «Электрондық сервистер»/«Калькулятор» бөлімінде «Көлік құралдары салығы бойынша есебі» сервисі арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.