Жарияланған күні: 13.07.2023 15:32
Өзгертілген күні: 13.07.2023 15:33

Электрондық сауда алаңдарында электрондық сауданы жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізіндегі АСР қолданатын ЖК (бұдан әрі – кәсіпкер)  әкімшілендірудің өзге тәртібі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Әрбір кәсіпкер ерікті негізде пилоттық жобаға қатысатын электрондық сауда алаңына өтініш беру арқылы пилотқа қатыса алады.     

Пилоттық жобаға қатысу түзетуді ескере отырып, электрондық сауда алаңдарымен іске асыру құны туралы мәліметтерді ай сайын жіберуді, ҚР ҚМ МКК бюджетке төленуге жататын салық сомаларын есептеуді, пилоттық жобаға қатысатын сатушыларға пуш-хабарламалар жіберуді көздейді.

Бұл кәсіпкерге не береді:

- кірісті есепке алуға және салық есептілігін толтыруға уақытты үнемдеу;

- салықтық тексерулер тәуекелдерін азайту;

- ай сайынғы төлем кезінде біркелкі жүктеме салықты төлемеу тәуекелін жою;

- қызмет көрсететін банктің қосымшасында ыңғайлы салық төлеу

Пилоттық жоба туралы ақпарат YouTube сайтында https://youtu.be/J_7PULtxZm0 сілтемесі арқылы, сондай-ақ 1414 телефоны бойынша қол жетімді.