Жарияланған күні: 08.10.2019 11:05
Өзгертілген күні: 08.10.2019 11:07

Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тауарлармен сауданы интернет арқылы электрондық сауда түрінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге, корпоративтік табыс салығы бойынша Салық Кодексімен салықтық жеңілдіктер қарастырылғандығын хабарлайды.

Яғни, интернет арқылы сауда жасайтын тұлғалармен мынадай шарттар сақталған кезде, корпоративтік (жеке) табыс салығын  төлеуден босатылатын болады:

* тауарларды сату бойынша мәмілелерді ресімдеу электронды түрде жүзеге асырылғанда;

* тауарлар үшін төлемді  қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізгенде;

* сатып алушыға(алушыға) тауарларды жеткізудің жеке меншік қызметі болғанда,  немесе жүктерді тасымалдау, курьерлік және (немесе) пошта бойынша қызметтерін жүзеге асыратын тұлғалармен келісім шарттардың болуы.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кіріс жылдық жиынтық табыстың 90%нан кем болмауы тиіс. Жоғарыда  айтылған шарттарды салық төлеуші  сақтамаған кезде  салық жеңілдіктерін қолдануға мүмкіндігінің жоқ екендігін атап өту қажет.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін жеңілдіктерді алу үшін, алдымен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұру қажет  және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер басқармасына жіберу керек. 

Салық кодексінің 28-бабының 2-тармағына сәйкес, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.  

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер және мекемелер тіркеу есебіне алынған тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер туралы, ҚР Ұлттық банкісімен келісілген  уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен және мерзімдерге сәйкес  банктік шоттарының және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қозғалысының және оның қалғандары туралы мәліметтерді  ұсынуға міндеттіі.

Тауарларды жіберу, тасымалдау, жеткізу, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша салық органының сұрау салуы бойынша  мәліметтер ұсынады.

Салық төлеушілерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер және мекемелерден алынған мәліметтердің негізінде, тауарларды жіберу, тасымалдау, жеткізу, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ салық төлеушімен жазып берілген ЭШФ, заңнаманың нормаларын сақтау бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізіледі.