Жарияланған күні: 05.03.2019 10:04
Өзгертілген күні: 05.03.2019 10:05

Қазақстан  Республикасы  Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңтайландыру және оңайлату мақсатында 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап қызмет алушының тіркеу есебінің орнына байланыстырмай мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде, яғни қызмет алушыда әрбір мемлекеттік кірістер органында қызмет алу мүмкіншілігі бар-«мемлекеттік қызмет көрсетудің экстерриториялық принципі» (бұдан әрі-экстерриториялық).

    Экстерриториялықтың қажеттігіне  және іске асырудың оң нәтижесіне байланысты, экстерриториялық принцип бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында тұрақты негізде қызмет көрсету туралы Комитет шешім қабылдады.

  2019 жылдан бастап экстерриториялыққа қатысатын қызметтердің тізімі:

 

р/б

Мемлекеттік қызметтің атауы

01

Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi

02

Салық төлеушілерді тіркеу

03

Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру

04

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру

05

Қазақстан Республикасының резинденттігін растау

06

Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)

07

Салықтық есептілікті қабылдау

08

Салықтық есептілікті керi қайтарып алу

09

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

10

Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

11

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту

12

Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру

 

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы