Жарияланған күні: 04.07.2019 16:51
Өзгертілген күні: 04.07.2019 16:58

Қазақстанда жыл сайын электрондық аукцион арқылы белсенді сауда-саттық жалғасуда. Электрондық саудадағы жылжымайтын мүлік пен басқа мүлікті сатып алу әлдеқайда арзанырақ. 2015 жылдан бастап мүлікті сату «Борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион ұйымдастырушысын анықтау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен реттелетін электрондық аукциондарды ұйымдастыру арқылы жеңілдетіліп отыр.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 99-бабына сәйкес банкроттық мүлікті сату әкімшімен сату жоспары немесе тікелей сату әдісі бойынша электрондық аукцион арқылы жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген, борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі электрондық аукционды анықтау және ұйымдастыру ережесінің 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай пункті www.gosreestr.kzмемлекеттік мүлік тізілімінің порталы болып табылады. (бұдан әрі –Сайт)

Бұл сайт электрондық аукциондарды өткізуге  арналған:

- «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына сәйкес борышкерлердің (банкроттардың) мүлкін сату;

- 2011 жылғы 2 маусымдағы №618 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес салықтық борыштардан, кедендік төлемдерден, салықтардан, айыппұлдардан, келісім-шартқа және (немесе) мемлекеттік табыс органдарының шешіміне сәйкес алынатын кепілзат және (немесе) шектеулі мүлікті сату , сондай-ақ жүйеде тіркелген және белгіленген мерзімде  аукционға қатысуға арналған электрондық өтінімдерді ұсынған жеке және заңды тұлғалардың саудаға қатысуын қамтамасыз етуге арналған.

Борышкерлердің  мүлкін сату туралы электрондық дерекқорға қол жетімділік, егер тұлғаларда ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болса беріледі, оның ішінде:

- басқарушы (банкроттық, уақытша, оңалту), сондай-ақ оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері;

- «Оңалту және активтерді басқару жөніндегі Компаниясы» АҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ міндетті салық қарызын мәжбүрлеп үндіріп алу саласындағы уәкілетті орган қызметкерлері.

Дерекқорға қол жеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторы болып табылатын «Ақпараттық-есептік орталық» акционерлік қоғамына жазбаша өтінішхат жолдау негізінде ұсынылады.

Электрондық аукционға қатысушылар білуге тиіс:

Сатушы (мүлікті иеліктен шығаратын тұлға) - ұйымдастырушы жасаған тізілім веб-порталында сауда-саттыққа электрондық қызметтер көрсету туралы келісім-шартта белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға (сатылатын объектінің иесі және / немесе уәкілетті тұлға);

Борыштармен жұмыс басқармасы

Оңалту және банкроттық бөлімі