Жарияланған күні: 16.04.2024 19:11
Өзгертілген күні: 16.04.2024 19:13

1) Жергілікті өкілді органдарға бөлшек салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы шешімдерді ағымдағы жылдың 30 наурызынан кешіктірмей қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер көзделген және бұл шешім қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста болады.

2) Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданған кезде оңайлатылған тәртіппен (бұрын табыс салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібімен айқындалған) жиынтық түрде айқындалады.

Сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табысқа салық салу бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің бухгалтерлік есепте қалай көрсетілгеніне байланысты кірістер айқындалады:

тауар ретінде, оны сату кезінде кірісі 4% немесе 8% мөлшерінде ЖТС/КТС мөлшерлемесі қолданылады. (8% шегерімге жатқызу үшін сатып алушының шығыстарын растау мақсатында электрондық шот-фактура жазып берілген жағдайда) – 913.00 нысанды салық есептілігі тапсырылады.

негізгі құралдар ретінде, оны іске асыру кезінде кіріс жалпы белгіленген салық салу тәртібімен салынуға тиіс – 100.00 және 220.00 нысанды салық есептілігі тапсырылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі